Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі журналист Бақытжан Омаров ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып қызмет істеген Бақытжан Омаров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриаты мен магистратурасын бітірді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аударма және тілшілер бөлімдерінде жемісті еңбек етті. 2012-2016 жылдарда корпорацияның Түркиядағы меншікті тілшісі қызметін атқарып, бауырлас елдің жаңалықтарын жеткізіп тұрды. Құрлықтар құлақ түрген оқиғалардың ортасында жүрді. Кейін «Хабар-24» арнасының бас редакторы болды.

Б.Омаров – Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының және ТҮРКСОЙ халықаралық сыйлығының лауреаты.


Соңғы жаңалықтар