Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев Түркия Жоғары білім кеңесінің төрағасы Г.Четинсаямен кездесті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевтың Түркия Жоғары білім кеңесінің төрағасы Г. Четинсаямен кездесуі болып өтті.

Жүздесу барысында Қазақстан мен Түркияның білім саласындағы, соның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Елші саясат, экономика және мәдениет, білім бағыттарындағы қазақстан-түрік ынтымақтастығының қарқынды дамуы, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген табыстары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Қазақстан мен Түркия екіжақты қатынастарына 20 жыл толатынына назар аударды.

Өз кезегінде ТР Жоғары білім кеңесінің төрағасы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен біздің еліміз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде жеткен жетістіктерін атап өтті. Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі даму барысын жоғары бағалады.

Сұхбаттасушылар екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығын одан әрі жалғастырудың тиімді жолдары жайлы пікір алмасты. 

Соңғы жаңалықтар