Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Түркия Ұлттық білім министрімен кездесті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат/ Ирина Дынникова/ - Анкарада Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевтің Түркия Ұлттық білім министрі Ө.Динчермен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Елші Жансейіт Түймебаев саясат, экономика және мәдениет, білім бағыттарындағы қазақстан-түрік ынтымақтастығының қарқынды дамуы, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген табыстары туралы ақпарат берді. Үстіміздегі жылы Қазақстан мен Түркия екіжақты қатынастарының орнағанына 20 жыл толатындығына назар аударды.

Өз кезегінде ТР Ұлттық білім министрі  Өмер Динчер ҚР Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен біздің еліміз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде жеткен жетістіктерін атап өтті. Қазақстан мен Түркия арасындағы білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі даму барысын жоғары бағалады.

Сұхбаттасушылар екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығын одан әрі жалғастыруға әзірліктерін білдірді. 

Соңғы жаңалықтар