Қазақстанның Түркиядағы елшілігіндегі сайлау учаскесі кезектен тыс Парламенттік сайлау өткізуге әзір

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Кезектен тыс ҚР Мәжілісі депутаттарын сайлауға байланысты Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде №230 сайлау учаскесі құрылды.

Анкарадағы сайлау учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы, Түркиядағы ҚР елшілігінің кеңесшісі Мақсат Сапарбекованың айтуынша, Анкара қаласындағы сайлау учаскесі Қазақстан Парламентінің Мәжілісіне сайлауды өткізуге толық әзір. «Аталған учаскіде Түркияда іссапарда және т.б. жағдайлармен жүрген Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ осы елдің түрлі оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттердің сайлау барысында өз конституциялық құқықтарын пайдалануы үшін дауыс беру кабиналары, сайлау бюллетендерін салатын жәшіктер қойылатын орындар дайындалды. Сонымен бірге сайлауға түсетін партиялар бағдарламалары ілінген тақта орнатылды»,- дейді ол.

 М.Сапарбекованың атап өтуінше, қазіргі күні №230 сайлау учаскесі толық жабдықталып болды.

Анкара бойынша сайлау құқығына ие жалпы  285 азамат тіркелді.

Соңғы жаңалықтар