Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 20 °С
Алматы: 21 °С
USD 342.49 EUR 400.85
RUB 5.51 CNY 51.33
Жаңалықтар

Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі тағайындалды

2018 жылғы 13 шілде 19:08 350
Бөлісіңіз:
Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-ның 2 басқармасына жаңа басшылар тағайындалды Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығын басқарады

Жандос Асанов 1969 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын бітірген.

2004-2006 жылдары - ҚР СІМ референті, ҚР Пәкістандағы елшілігінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Президентінің хаттама қызметінің консультанты, ҚР Премьер-Министрінің хаттама қызметінің жетекшісі - хатшылық меңгерушісінің орынбасары, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің директоры.

2006-2008 жылдары - АӨІСШК хатшылығының атқарушы директоры. 2008-2009 жылдары - ҚР-ның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесші-елшісі. 2009-2012 жылдары - ЕҚЫҰ Минск қаласындағы кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР-ның Бельгиядағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2012-2013 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты аппараты жетекшісінің орынбасары.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат