+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы шынайы ахуал қандай - сарапшы пікірі

2020 жылғы 22 маусым 14:34
Бөлісіңіз:
Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы шынайы ахуал қандай - сарапшы пікірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы ахуал жақсарып келе жатыр. Мұндай пікірді Қазақстан Риэлторларының біріккен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл елордада пайдалануға берілетін үй саны өткен жылғыдан екі есе көп- әкім Оралда екі көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20-ға жуық адам эвакуацияланды Алматыда қанша адамның баспана кезегінде тұрғандығы белгілі болды

«Ұзақ уақытқа созылған оқшаулану режимі мен жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау мүмкіндігінің болмауы салдарынан елімізде сәуір айында не бәрі 5 211 мәміле ғана жасалды. Бұл рекордтық ең төменгі көрсеткіш. Дегенмен, қазіргі уақытта нотариалды рәсімдеуді, мәмілелерді тіркеуді қоса алғанда барлық саладағы қызмет іс жүзінде қалпына келді десек те болады және мамырда 17 210 мәміле жасалды. Бұл сан ай сайынғы стандартты мәмілелерге қарағанда біршама төмен. Бірақ, бұл мамыр айының алғашқы он күнінде барлығы үйінде болуына байланысты болған жайт», - деді Нина Лукьяненко.

Оның атап өтуінше, ресми статистикалық мәліметтерге қарағанда, баспананың бір шаршы метріне бағаның аздап қымбаттағаны байқалады.

«Өсім 1 пайызды құрап отыр. Мұның ешқандай ерекшелігі жоқ. Бұл инвестициялық себептерге байланысты мәмілелердің ұзақ уақыт кейінге шегерілуімен байланысты. Сонымен қатар, жаңа үй салу барысында қолданылатын материалдардың 24-60 пайызы импортталатындығын да қаперге алу қажет. Оның үстіне доллар бағамы өсті. Ал импортталатын материалдар доллармен алынатындықтан құрылыс шығындары да арта түседі. Бұл да бағаға әсерін тигізеді», - деді сарапшы.

Сонымен қатар ол тұрғын үй нарығындағы жағдайдың өзгеретіндігін атап өте келе, бағаның күрт құлдырауы не өсуі болмайтынын баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT