USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанның тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарнасы туған күнін атап өтуде

2021 жылғы 25 қазан 19:30
Бөлісіңіз:
Қазақстанның тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарнасы туған күнін атап өтуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Qazaq TV – Тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарнасы туған күнін атап өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстан Президенті Цифрлық үкімет офисімен танысты Алматыда ең үздік digital-ұстаз анықталды «Российская газета» басшысы: Оқырманға айтатын Қазақстан туралы жағымды жайттар көп

Qazaq TV арнасы алғаш рет 2002 жылдың 25 қазанында Caspionet атауымен көрерменге жол тартты. Бүгінгі таңда Qazaq TV қазіргі Қазақстанның өмірін көрсететін имидждік жобаға айналды. Арна эфирінде еліміздің қоғамдық және мәдени өміріндегі басты оқиғалар көрсетіледі. Телеарнаның мазмұндық толтырылуы қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, елдің табиғаты мен көрнекті тұлғаларын таныстыратын жобалардан тұрады.

Телехабарлар таратылымы қазақ, ағылшын, орыс, өзбек, сондай-ақ қырғыз тілдерінде жүреді. Тәулік бойы жұмыс істейтін телеарна көрерменге қажетті дыбысталуды таңдау мүмкіндігін ұсынады.

Айта кетейік, 2020 жылы Qazaq TV арнасы Galaxy 19, Hotbird 13, MeaSat серіктері арқылы SD хабар тарату стандарттарынан HD форматқа ауысу процесін аяқтады.

«Qazaq TV телеарнасының HD форматындағы қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз және өзбек тілдерінде серіктік хабар таратуы Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия мен Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдерін қоса алғанда, әлемнің 120-дан астам мемлекетін қамтиды. 2019 жылдан бастап Yamal 401 серіктік платформасына сигнал шығару мүмкіндігінің арқасында, Qazaq TV арнасы HD стандартына сай Ресей Федерациясының ақылы теледидар операторларының кабельдік желілерінде қолжетімді болды», - делінген «Хабар» агенттігі» АҚ таратқан хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT