Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 18 °С
Алматы: 18 °С
USD 345.55 EUR 401.01
RUB 5.45 CNY 50.98
Жаңалықтар

Қазақстанның төрт өңірінде жол жабылды

2018 жылғы 11 қаңтар 09:50 961
Бөлісіңіз:
Қазақстанның төрт өңірінде жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» РМК дерегі бойынша Қазақстанның төрт облысында жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Осылайша Астанада сағат 01:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына (желдің күшеюі, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты барлық көлік құралдары үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылды.

Ақмола облысында таңғы сағат 08:30-дан бастап ауа райының күрт құбылуы салдарынан барлық көлік құралдарының түрлері үшін жолдар жабылды.

Қарағанды облысында 08:00-ден бастап боран мен көру мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Қызылорда облысында 00:30-дан бастап көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының 1630-1720 шақырым аралығында (Қорқыт кесенесінен Бұқарбай батыр ауылына дейін) автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жол қозғалысы шектелді.

Павлодар облысында сағат 00:43-тен басап ауа райының қолайсыздығына (желдің күшебі, боран, жолдың көрінбеуі) «Астана-Шідерті» автожолының 205-259 шақырым аралығында (Шідерті кентінен Ақмола облысына дейін) барлық автокөлік құралдарының түрлеріне қозғалыс жабылды.  

 

 


Басты сөздер: Ауа райы, Қоғам, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат