Қазақстанның төрт өңірінде күн бұзылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің үш облысында және Шымкент қаласында алдағы тәуліктерде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

20-22 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. 20 ақпанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыс, батыс бағыттан жылдамдығы 15-20 м/с-ке жететін жел соғады.

Дауылдың ықтималдығы - 95-100%.

20 ақпанда Түркістан облысының кей жерлеріне жауын-шашын, тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыс, батыс желі соғып, оның жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады.

Түркістанда 20 ақпанда оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Шымкентке 20 ақпанда қатты жауын-шашын түсіп, жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады. Дауылдың ықтималдығы - 95-100%.

20 ақпан күні түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталады.

Сол күні Ақтау қаласында түндекөктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар