+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Қазақстанның төрт өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

2021 жылғы 17 қыркүйек 20:16
Бөлісіңіз:
Қазақстанның төрт өңірінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 18 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ауа райы: Алдағы үш тәулікте күн суытып, кей өңірлерде боран соғады

Түнде 18 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

18 қыркүйекте түнде Ақмола облысының батысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстік - батысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпісақталады.

Түркістан облысының тауында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT