+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылғы 17 маусым 09:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

17 маусым күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл соғып, найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел алдымен оңтүстіктен, артынша 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-батыстан соғады.

17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

17 маусым күні Ақмола облысында найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

17 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT