Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылғы 16 сәуір 18:00 482
Бөлісіңіз:
Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 сәуір күні Қазгидромет ауа райына байланысты Қызылорда, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Қарағандыда жайсыз ауа райынан 20 жол апаты болды

Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ке жетуі мүмкін.

Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.       

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT