Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай, Түркістан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

15 қыркүйекте Қостанай облысында батыс, солтүстік-батыс бағыттан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с болады.

15 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с болатын шығыс желі ұйтқиды.

15 қыркүйек күні күндіз Маңғыстау облысының аумағында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.

15 қыркүйек күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3°С үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар