Қазақстанның төрешілер тобы Ұлттар лигасында қызмет атқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияр Сахи бастаған отандық төрешілер тобы Македония мен Гибралтар құрамалары арасындағы ойынға төрелік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Футбол федерациясына сілтеме жасап. 

Бас төрешіге қос қапталдан Айдын Тасыбаев пен Сергей Калачев көмектеседі. Қақпа артындағы төрешілер - Фуркат Атажанов және Арман Исмұратов. Қосалқы төреші - Евгений Бельский.

Македония-Гибралтар ойыны 19 қараша күні Скопье қаласындағы «Филипп II Македонский» стадионында өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар