+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстанның Терроризмге қарсы кодексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды - Елбасы

2018 жылғы 21 қараша 15:42
Бөлісіңіз:
Қазақстанның Терроризмге қарсы кодексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездеу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаһандық бастамалар арқылы мемлекетіміздің беделін, халықаралық аренадағы Қазақстанның орнын нақтылау. Бұған Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің қорытындылары дәлел. Жыл басында Нью-Йоркте еліміздің Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы аясында жаппай қырып-жою қаруын таратпау, сенім шаралары тақырыбында арнайы отырыс өткізілді. Аталған іс-шара барысында БҰҰ ҚК төрағасының бірегей мәлімдемесі қабылданды. Бұл Қауіпсіздік кеңесінің жаппай құрып-жою қаруын таратпау аясындағы сенім шараларын нығайтуға бағытталған тұңғыш саяси құжат болып табылады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 73 сессиясы барысында Қазақстан ұсынған Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексіне қазіргі күні 70-тен астам мемлекет қол қойғанын айтты. Аталған кодекс БҰҰ-ның терроризмге қарсы жүйесін нығайтудағы маңызды қадам ретінде танылғанын атап өтті.

null

«Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің бірқатар құрылымдарына төрағалық еткен кезде Орталық Азия және Ауғанстан мәселелеріне баса назар аударды. Осылайша, біздің еліміз «Әлем - ХХІ ғасыр» манифесінде жария еткен қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешу жолдарына қатысты ұстанымын нақты, дәйекті түрде ілгерілетуін жалғастыруда»,- деді ҚР Президенті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT