Қазақстанның теннисші қыздары канадалықтармен күш сынасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Федерация кубогы бойынша әлемдік топтың II плей-офф матчында Канада командасымен күш сынасатын теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасының соңғы құрамы анықталды. Бұл туралы ҚТФ сайты хабарлады.

Қазақстанның теннистен ұлттық әйелдер құрамасының капитаны Диас Досқараев құрамға алынған теннисшілерді жария етті: 

Юлия Путинцева (WTA рейтингі -31) 

Ярослава Шведова (WTA рейтингі -51) 

Галина Воскобоева (WTA рейтингі -268) 

Кәмила Керімбаева (WTA рейтингі -362) 

Канада командасының капитаны Сильвен Брюно Қазақстан құрамасымен кездесуге келесі ойыншыларды шығарады: 

Бьянка Ванесса Андрееска (WTA рейтингі -189)

Франсуаз Абанда (WTA рейтингі -194) 

Кэтрин Себов (WTA рейтингі -295) 

Габриэла Дабровски (WTA рейтингі -351) 

Еске сала кетсек, 22-23 сәуірде Монреаль (Канада) қаласында  Федерация кубогы бойынша әлемдік топтың II плей-офф матчы өтеді. Онда Қазақстанның әйелдер құрамасы Федерация кубогының екінші әлемдік тобына өту үшін Канада құрамасымен күш сынасады.

Қазақстан-Канада матчының кестесі:

22 сәуір

Матчтың басталуы сағаты - 13:00

23 сәуір

Матчтың басталуы сағаты - 12:00

Соңғы жаңалықтар