Қазақстанның теміржолшылары қауіпсіздік мәселесіне алаңдаулы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 20 қыркүйегі күні елорданың теміржол өткелдері мен «Нұрлы жол» вокзалында қозғалыс қауіпсіздігі мәселесіне байланысты арнайы акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция барысында машинистер мен олардың көмекшілері көлік жүргізушілері мен жолаушыларға темір жолда жүру ережелерін сақтау қажеттігін ескертіп, сондай-ақ, арнайы жадынамалар таратты.

Теміржолшылар пойыздар мен локомотивтердің көліктермен соқтығысу жағдайларына алаңдаулы. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ деректері бойынша, биылғы жылдың 8 айында локомотив бригадалары түрлі қауіптерге байланысты тежегішті 1700-ден астам рет басуға мәжбүр болған. Жыл сайын темір жол өткелдерінде орташа алғанда шамамен 20 қайғылы оқиға болып, жүзден астам адам көз жұмған.

«Әлбетте, әрбір адам қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтар болса, мұндай оқиғалардың бірде бірі болмас еді»,-делінген теміржолшылар тартқан ақпаратта.

ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаевтың айтуынша, темір жолдағы қайғылы жағдайлардың басым бөлігі, азаматтардың мас күйде жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуінен немесе құлаққаппен музыка тыңдап, қауіпті жолдан өтерде телефонмен сөйлесуінен болып отыр.
null 

«Жыл сайын темір жолда қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін біз, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық-профилақтикалық шаралар жүргіземіз. Мәселен, жыл басынан бері жергілікті тұрғындармен 1600-ден астам кездесу өткізіліп, темір жолдарда жүру ережелері түсіндірілді. Лекцияларды 30 мыңнан астам адам тыңдады. Оқу орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - дейді ол.

Астана локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Александр Недюжин, теміржолда пойызбен соқтығысудың алдын алу мүмкін еместігін айтады.

«Бір сәтте тұтас құрамды бірден тоқтату мүмкін емес. 60-80 км/сағат жылдамдықпен келе жатқан пойыздың тоқтату үшін, 600-800 метр қажет», - дейді ол.

Теміржолшылар қазақстандықтарды теміржол маңайында аса сақ болуға, жол ережелерін сақтауға, теміржолды белгіленген және жабдықталған жерлерден, келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізе отырып немесе өткел сигнализациясының рұқсат белгісі берілгенде ғана өту керектігін ескертеді.

«Өткелге дейін тоқта», «Артық қадам - артық проблемалар», «Жүргізуші, пойызды жібер!» деген сияқты ақпараттық парақшаларды таратқан мұндай акциялар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - «Жол бөлімшелерінің» барлық филиалдарында өтеді.

null 

Соңғы жаңалықтар