Қазақстанның Тәжікстан, Түрікменстан және Кубадағы жаңа елшілері тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Ақорда.

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар