Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Ыстамбұлдағы ҚР Бас Консулдығы ұйымдастырған салтанатты шара болып өтті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Ыстамбұлдағы ҚР Бас Консулдығының ұйымдастыруымен салтанатты шара болып өтті.

Аталған шараға Ыстамбұл қаласының губернаторы Хусейн Авни Мутлудың бастауымен қаланың саяси зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері және журналистер қатысты.

Бас Консулдықтың және VII Қысқы Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті дирекциясының ұйымдастыруымен болған дипломатиялық қабылдау барысында 2011 жылдың қаңтар-ақпанында өтетін Қысқы Азия ойындарының таныстырылымы өткізілді.

Жиналған меймандар Қазақстанның халықаралық аренада беделі өсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан қаркынды дамып келе жатқанын ерекше атап айтты. Сондай-ақ, Қазақстан бүгінде әлемдік дипломатиялық орталыққа айналып, түрлі экономикалық және мәдени оқиғалармен толығуда. Бұнын жарқын дәлелі ретінде жақында Астанада табысты өткен ЕҚЫҰ Саммиті, халықаралық және аймақтық қауiпсiздiкті, ықпалдастықты күшейтудегі маңызды іс-қимылдар мен бастамалардың ұсынылғандығы сөз болды.

Сонымен қатар алда келе жатқан VII Қысқы Азия ойындардың, ИКҰ, ШЫҰ ұйымдарына Қазақстанның төрағалық етуі, басқа да саяси маңызды шаралар өз кезегінде дүниежүзі қоғамдастығының қызығушылығын одан әрі арттырып, мәртебесін көтере түскені айтылды.

Ыстамбұл - Еуропа мен Азия тоғысқан жерде орналасқан ірі мегаполистердің бірі, мәдениеттер мен өркениеттердің қиылысындағы халықаралық бизнес және дипломаттық қызметтің мыңызды рөлін атқарып отырған қала.

Соңғы жаңалықтар