Қазақстанның тәуелсіздігі Башқұртстан астанасында аталып өтті

None
None
УФА. ҚазАқпарат - Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде (Башқұртстан университеті) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпаратт «Башинформ» АА-на сілтеме жасап.

УММТУ-де Қазақстаннан көптеген жастар білім алып жатыр. Олар өздерінің салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын қатаң ұстанады. Жыл сайын университетте қазақ студенттері өздерінің басты ұлттық мерекесі- Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Оған университеттің барлық студенттері жиналады.

Осы жолы мерекеге орай безендірілген фойеде қонақтарды ұлттық киім киген қазақ студенттері күтіп алды. Осы жерде әдемі етіп безендрілген экспозиция ұйымдастырылды. Онда Қазақстанның қолданбалы және сәндік өнерімен танысуға болатын еді. Мұнда студенттер өздерінің аспаздық қасиеттерін де паш етіп, қазақтың ұлтық тағамдарын дайындады.

«Біздің университетімізде жақсы дәстүр қалыптасты. Біз жыл сайын желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтеміз. Қазақстандық студентер жыл сайын жаңа дүниелерді ойлап тауып, бұл мерекені өте керемет етіп өткізетін болды», деген лебізбен халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Найль Чанышев мерекенің ашылуын жасады.

Мерекелік бағдарламаның ашылуының алдында шағын футболдан университетте өткен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Кубогының» жүлдегерлері марапатталды. Марапаттау рәсімінен соң концерт басталып, онда қазақстандық студенттердің мерекеге арнайы дайындаған әндері шырқалып, би биленді. Сондай-ақ студенттер қазақтың музыкалық аспаптарында неше түрлі туындыларды орындады. Студенттер сонымен қатар мерекеде «Балқаш туралы аңыз» атты спектакльді сомдады.

Соңғы жаңалықтар