Қазақстанның тағы екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай, Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қостанай облысында 31 шілде күні найзағай ойнап, кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге үдеуі ықтимал. Бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Қызылорда облысында  31 шілде мен 2 тамыз аралығында кей жерлерде солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Сонымен қатар, бұған дейін екі өңірдегі ауа райына қатысты ескерту жөнінде хабарлаған болатынбыз. Синоптиктердің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында жел күшейеді, ал  Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар