Қазақстанның тағы бір балуаны жарыс жолынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекия балуаны Тантэро Масманидис қазақстандық Айбат Сейтеннен басым түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Айбат Сейтен мен грекиялықтың бәсекесі 5 минут бойы өте тартысты өтті. Бәсеке басталғанда Айбат жарақат алып, боз кілемге дәрігерлерді шақыруға тура келген. Алайда еңсесін тіктеген балуан күресті жалғастырды. Екі мықтының сайысы төрешілердің шешімімен грекиялықтың пайдасына шешілді.
Бұдан кейін боз кілемге көтерілген Ержан Шынкеев сириялық Мұхамед Гасан Хебаны көпке жеткізбей, жамбасқа салып, қарсыласының жауырынын жер иіскетті. Әзірге Қазақстанның үш балуаны Айбек Нұғымаров, Еламан Ерғалиев пен Ержан Шынкеев жарыс жолында.
Айта кетсек, қазір «Әлем барысының» 1/8 финалы өтіп жатыр. Қазақстан балуандарымен бірге Моңғолия балуаны Серік Бердімұрат сүрінбей келеді.
- Ақтөбеде қазақ күресінен Әлем чемпионаты басталды
- 63-ті еңсерген ардагер бильярдшылар өзара мықтыны анықтауда
- Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа жіберіп, IBA Asia титулын иеленді⠀
- Футболдан қыздар құрамасы ФИФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды
-
Нұр-Сұлтанда «Денистің достары» мұз шоуы өтті
-
Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам