Қазақстанның тағы 7 қаласына әуе рейстері ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Қазақстанның жеті қаласына әуе рейстері ұша бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді.

«Бүгіннен бастап Президентіміздің шешімімен еліміздің жеті қаласында - Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорғанда әуе рейстері жанданады. Сондай-ақ, ұшу үшін жолаушылардың ПТР-тест тапсыруы қоғам наразылығына ұшыраған еді. Бүгіннен бастап бұл талап та алынып тасталды», - деді Е. Тоғжанов Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы төтенше жағдай режимі тоқтағанын хабарлаған еді. Бірақ, елімізде карантин режимі әлі де сақталады.


Соңғы жаңалықтар