Қазақстанның тағы 3 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның тағы 3 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 1 тамыздаТүркістан облысының таулы аудандарында күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан қаласында және таңертеңнайзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.
Шымкентте кей уақыттанайзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Қостанай облысында +35-38 градус аптап ыстық болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.
Батыс-Қазақстан облысыныңкей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Оңтүстікте +37 градус аптап ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.
- Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ескерту жариялады
- Түркістан облысында қарлы бораннан 400-ге жуық адам құтқарылды
- Демалыс күндері 64 адам қар құрсауынан құтқарылды - ТЖМ
- Қатты аяз: ШҚО-да екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды
-
26-28 қаңтар аралығында Қазақстанда қар жауып, күн жылынады
-
ШҚО-да бірінші ауысымдағы сабақ өткізілмейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам