+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қазақстанның сыртқы ведомствосы Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

2020 жылғы 18 қазан 17:38
Бөлісіңіз:
Қазақстанның сыртқы ведомствосы Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Әзербайжан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті әріптестер, бауырлас Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Гүлдену мен өркендеу тілейміз!» делінген еліміздің сыртқы саяси вдеомствосының Twitter парақшасындағы хабарламада.

Айта кетейік, бүгін - Әзербайжан елінің Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» конституциялық шарт қабылданған.

Әзербайжан - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде - Ресеймен, солтүстік-батысында - Грузиямен, оңтүстік-батысында - Армения және Түркиямен, оңтүстігінде - Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі.

Астанасы - Баку. Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі.

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 27 тамыздан бастап орнаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT