Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымының ақшаға шаққандағы көлемі 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға артып, 51 944,4 млн долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде экспорт көлемі 34 005,6 млн долларды (былтырғы алғашқы жарты жылдықпен салыстырғандағы өсім - 26%), импорт көлемі 17 938,8 млн долларды (өсім -10,3%) құрады.

Соңғы жаңалықтар