Қазақстанның сыртқы сауда айналымы ұлғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл алғашқы екі айдың ішінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 14 млрд 340,2 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 7,5 процентке артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қаңтар-ақпан айларында экспорттың көлемі 9 млрд 885,1 млн доллар болған. Ал импорт 4 млрд 455,1 млн долларды құрады. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялардың мөлшері 2 126,3 млрд теңгеге жетті. Бұл - қаңтар-наурыз айларының нәтижесі. Өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіш 7 процентке артып отыр.

«Негізі капиталға салынған инвестициялардың басым бөлігі тау-кен өнеркәсібіне (56,3%), жылжымайтын мүлік операцияларына (12,5%), көлік пен қойма кәсібіне (7,1%) тиесілі. Ал ірі кәсіпорындардың салған инвестициялары 1 392,1 млрд теңгені құрады», - делінген комитеттің ресми хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар