+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 1,7 пайызға өсті

2019 жылғы 12 қыркүйек 15:26
Бөлісіңіз:
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 1,7 пайызға өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 8 айда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 1,7 пайызға өсті. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында көкөністердің бағасы арзандады Қай облыстар жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін жиі пайдаланады СҚО халқы табысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды
«2019 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 53829 млн АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1,7 пайызға артқан. Оның ішінде экспорт – 32943,4 млн АҚШ доллары, импорт – 20885,6 млн АҚШ доллары болды», - делінген комитет ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 441 526 бірлік болды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,3 пайызға көп. Оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар 432 775 заңды тұлға бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны - 297 933. Оның 289 561-і шағын кәсіпорын саналады.

Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы тамызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103 пайыз болды. Азық-түлік тауарларға бағалар – 6,1, азық-түлік емес тауарларға 2,9 пайыз өсті. Ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге баға 0,6 пайыз төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы тамызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,1 пайыз жоғарылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT