Қазақстанның сыртқы қарызы 4 млрд. АҚШ долларына азайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы қарызы 153,5 млрд. АҚШ доллары болды. Яғни 4 млрд. АҚШ долларына азайды. Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы қарыз құрамына келсек, барлық берешектің 7,9% -ы,  яғни 12,2 млрд. доллары мемлекеттік сектордың үлесіне келеді,  5,2%, яғни 8 млрд-ы екінші деңгейлі банктердің ( «ҚР Даму банкі" АҚ қосқанда), 33,5%, яғни 51,5 млрд-ы   - тікелей инвестициялармен байланысы жоқ өзге секторлардың қарызы,  53,3%-ы,  яғни  81,8 млрд-ы банктік емес қаржылық ұйымдардың фирмааралық қарызы болып табылады.

"Айта кету керек,  ҚР Үкіметінің сыртқы қарызы 2015 жылы 4 млрд АҚШ долларына өссе, басқа қарыздар көлемі  7, 8 млрд. долларға азайды.  Бұл қарыз құнды қағаздарының жағымсыз бағалануы əсерінен болды.

Сыртқы қарыздың ЖІӨ ықпалы 83,0%-ды құрады.  Бұл көрсеткіш былтыр 72,4% болатын", - деді банктің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар