+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстанның Су спорты түрлері федерациясына жаңа президент сайланды

2019 жылғы 9 қазан 21:08
Бөлісіңіз:
Қазақстанның Су спорты түрлері федерациясына жаңа президент сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Су спорты түрлері федерациясының президенті болып Андрей Крюков сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Болат Төкежанов Медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалды Ерхат Есқалиев «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды Жамбыл облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Айта кетсек, Андрей Крюков бұрын аталмыш федерацияның бас хатшысы қызметін атқарған.

«Менің Ұлттық олимпиада комитетін басқаратынымды білесіздер. Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2018 жылдан бастап ҰОК жоғары нәтижелері бар спорт түрлерін қаржыландыру ісін алып жүреді. Этика мен мүдделердің соқтығыспауын ескере отырып, Су спорты түрлері федерациясының басшылығынан кеткенім жөн деп шештім», - деді Тимур Құлыбаев федерацияның елордада өткен бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, алдағы Олимпиада ойындарында алтын медальға үміттілердің бірі – Дмитрий Баландин. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та дайындалып жатыр.

«АҚШ-та дайындалып жатқан спортшыларға қыруар қаржы бөлініп жатыр. Үміт ақталар деген сенімдемін. Ал мен өз орныма Андрей Крюковты ұсынамын», - деді Құлыбаев.

Федерация мүшелерінің бәрі бір ауыздан ұсынылған үміткерді қолдап дауыс берді.

Еске сала кетсек, Қазақстан бокс федерациясының бүгінгі отырысында Тимур Құлыбаев аталмыш федерация басшылығынан кететінін мәлімдеген болатын. Оның орнына белгілі қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев сайланды.

Фото: инстаграм aquatics.kz.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT