Қазақстанның су ресурстарының мөлшері айтарлықтай төмендеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы су ресурстарының жетіспеуі және шөлге айналу мәселелерін бірлесе шешуге келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш мәселе Сеулде өткен арнайы семинарда талқыланды. Онда Орталық Азия елдерінің Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері бас қосты. Семинарды «Орталық Азия-Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының хатшылығы ұйымдастырды.

«Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары Данара Әлімбаеваның жасаған баяндамасына сәйкес, Қазақстанда соңғы 100 жыл ішінде ауа температурасы 1,37 градусқа дейін жоғарылаған. Ал ғалымдардың айтуынша, бұл көрсеткіш 2050 жылға дейін 4 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Елдің су ресурастарының мөлшері соңғы 40 жыл ішінде 115-тен 91 текше шақырымға дейін түсіп кеткен. Ал Қазақстан жерлерінің 76 пайызы шөлге айналған.

«Біздің гидролог мамандар біздегі өзен ағыны 2020 жылға дейін 81 текше шақырымға, ал 2030 жылға қарай 72 текше метрге жететінінін анықтады. Ал мемлекеттік тұтыну деңгейінің нормасы 88 текше шақырымнан аспауы тиіс. Қазірдің өзінде су жетіспей жатса, 20 жылдан кейін Қазақстанда мүлде тапшы болайын деп тұр», - деді Динара Әлімбаева.

Кореяның климат өзгеруін зерттейтін қоғамның басшысы Ли Ву Кюн экологиялық мәселелерді климатты өзгерту мамандарын дайындау және кадрларды алмастыру арқылы шешуге болатынын жеткізді.

«Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның климаты - құрғақ. 60-жылдары Кореядағы ормандардың жетіспеушілігіне байланысты құрғақшылықтан айтарлықтай зардап шеккен едік. Осы мәселенің шешімін табу үшін инфрақұрылымды жасап, оны қолдау жүйелерін ойлап таптық. Мемлекет өз тарапынан қаржы бөліп, білікті мамандарды жұмысқа тартты. Менің ойымша, Кореяның аталмыш саладағы тәжірибесі мен енгізген жаңалықтары Қазақстан үшін су тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізе алады», - деді Ли Ву Кюн.

Соңғы жаңалықтар