Қазақстанның солтүстігінде аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бірнеше ауданы мен Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында үскірік аязға байланысты мектептегі сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда 12 ақпан күні 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқытылады. Өйткені қалада термометр бағаны 27 градустан төмендеді. Өңірді бірнеше күннен бері аяз буып тұр.

Павлодар облысында да аязға байланысты сабақтар тоқтатылды. Нақтырақ айтқанда Ақсу мен Ертіс қалаларында және Аққулы мен Май ауданында 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Сондай-ақ Железинск мен Шербақты аудандарында 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Тереңкөл, Павлодар және Успен аудандарының 1-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды. Оқушылар сабақты қашықтан оқиды.


Соңғы жаңалықтар