Қазақстанның солтүстігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстік облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

21 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Петропавлда 21 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

21 ақпанда Қостанай облысы мен қаласында бұрқасын, батыс, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Соңғы жаңалықтар