Қазақстанның солтүстігінде 33 градус ыстық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-7 маусым аралығында Қазақстанның солтүстігінде 33 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, Кольск түбегінің циклонымен байланысты туындаған атмосфералық ауа ағындары Қазақстанда ығысып жатыр. Олардың ықпалымен  республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел соғады. 

«Күн жылынып, ауа температурасы жоғарылайды. Күндіз республиканың солтүстік жартысында температура +25+33 градус, оңтүстік жартысында +30+35, ал қиыр оңтүстікте 40 градусқа дейін жетеді», - делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар