Қазақстанның солтүстігі мен орталығында күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 2018 жылдың 3-5 мамырында Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады деп болжауда.

Ресейдің еуропалық бөлігіндегі орталық аудандарындағы циклон үлкен жылдамдықпен Қазақстанның солтүстік бөлігіне ауысады. Соның салдарынан күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Баренцев теңізі ауданындағы антициклонға байланысты солтүстік және орталық облыстарда күн суытуы ықтимал.

Республиканың басқа аумақтарында ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болады.

Соңғы жаңалықтар