Қазақстанның СІМ Индонезиядағы су тасқынына байланысты көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индонезиядағы су тасқынына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанда Жакарта қаласы мен оның маңындағы аудандарда болған су тасқынының салдарынан адамдардың қазасына алып келген суыт хабарды үлкен күйзеліспен қабылдадық. Қазақстан бауырлас Индонезия халқының орны толмас қайғысына ортақтасады. Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып, табиғи апаттың салдарын еңсеруді тілейміз» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Индонезия астанасы Жакарта мен оған жақын аудандарда су тасқыны болып, 47 адам қаза тапты.



Соңғы жаңалықтар