Қазақстанның шекара өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр - ҰҚК

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылуы туралы ақпарат таралуда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда. Ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ», - делінген комитеттің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін ҰҚК Ресеймен шекарадағы ахуал бақылауда екенін айтқан болатын.
Соңғы жаңалықтар