+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстанның шахматшы қыздары Азия чемпионатында 4 медаль алды

2021 жылғы 26 қазан 14:34
Бөлісіңіз:
Қазақстанның шахматшы қыздары Азия чемпионатында 4 медаль алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның шахматшы қыздары Азия чемпионатында 2 алтын, 2 күміс жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

2021 жылдың 22-24 қазан аралығында шахматтан жастар арасындағы Азия чемпионаты-2021 онлайн режимінде өтті. Жарысқа 11 қазақстандық шахматшы қатысып, оның ішінде төрт қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері Ксения Балабаева 16 және Елназ Қалиахмет 12 жасқа дейінгі санаттар бойынша Азия чемпионы атанды. Чемпионат жеңімпаздары Алтын сертификаттармен марапатталады», - делінген Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Федерация мәліметінше, 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Нұрсұлу Оразалина Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 10 жасқа дейінгілер арасында Айару Алтынбек екінші жүлдені жеңіп алды. Күміс жүлдегерлерге де Күміс сертификаттар табысталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT