Қазақстанның шахматшы қыздары Әлем чемпионатын 4-орынмен аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық гроссмейстер, отандасымыз Динара Садуақасова Испанияда өткен Әлем чемпионатының жеке сынында қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының Facebook-тегі парақшасында мәлім етілді.

«Елордалық спортшы, еліміздің мақтанышы Динара Садуақасованы Әлем чемпионатындағы қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Испанияның Ситжес қаласында шахматтан әйелдер арасында командалық Әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің 12 елі: АҚШ, Әзербайжан, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Польша, Ресей, Франция, Украина, Қазақстанның үздік шахматшылары бақ сынады.

Халықаралық гроссмейстер Динара Садуақасова екінші тақтада ойнап, жеке есепте қола жүлдені жеңіп алды», - деп жазылған дирекцияның мәліметінде.

Ал командалық есепте Қазақстан құрамасы үздік төрттікті қорытындылады.

«Ресейлік қыздар жарыс жеңімпазы атанса, Үндістан құрамасы екінші орынды жеңіп алды. Ал үшінші орынды Украина және Грузия шахматшылары өзара бөлісті.

Сондай-ақ, 16 жастағы шахматшы, халықаралық дәрежедегі әйелдер шебері Меруерт Камалиденоваға жекелей сыңда қола медаль бұйырды. Ол үшінші тақтада ойнап, Үндістан мен Украина командаларына қарсы матчта тамаша нәтиже көрсетті.

Динара мен Меруертті Әлем чемпинатындағы қола жүлдесімен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы байрақты бәсекелерде жарқын жеңістер мен толағай табыстар тілейміз», - делінген жазбада.


Соңғы жаңалықтар