Қазақстанның серпінді дамуына шешуші фактор ретінде Ұлт жоспарының тигізетін ықпалы зор - А.Братенков

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстанның серпінді дамуына шешуші фактор ретінде «Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» тигізетін ықпалы талқыланды. Отырыс «Достық үйінде» өтті.

Жиналғандар алдағы кезеңдегі Қазақстанның даму бағдарламасының шарттары мен бағамдары, халыққа қызмет ететін кәсіби мемлекеттік аппарат, әділетті сот пен жоғарғы құқық қорғау органдары, индустрияландыру және әлеуметтік-экономикалық даму, Қазақстан халқының бірлігі, транспорттық және үкіметтік есеп беру мәселелері айтылды. «Қалалық Ішкі саясат басқармасы желісімен 100 нақты қадамды жүзеге асыру бойынша көпшілікке түсіндіру жұмыстарын атқарып келеміз. «Ұлт жоспары» - еліміздің аса маңызды құжаты екендігі сөзсіз. Жақын 5 жылдықта бұл құжат ел өмірінің барлық саласынан көрініс табады. Өйткені, онда айтылған реформа еліміздің қарқынды дамуы үшін өте керек. Сыртқы экономикалық ахуал барысында бізге тұрақтылықты сақтап қалу маңызды. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену біз үшін анық бағдар болып отыр. Бүгінгі жиын барысында әр адам, әр ұйым өзінің іздеген сауалына жауап алады деп сенемін», - деді «Общественней проект» ҚҚ директоры Братенков Александр. Айта кету керек, конференция жұмысына қалалық Ішкі саясат басқармасының, ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім» РАА өкілдері, үкіметтік, қоғамдық және өндірістік ұйымдардың, саяси партиялардың, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтардың өкілдері мен жетекшілері, кәсіпкерлер, Алматы қаласы жастары қатысты.

Соңғы жаңалықтар