Қазақстанның сайлау үдерісінде заңнамалық тұрғыда ешқандай да кемшіліктер жоқ - ТМД Парламентаралық ассамблеясының үйлестірушісі

None
None
АНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның сайлау үдерісінде заңнамалық тұрғыда ешқандай да кемшіліктер жоқ.

Бұл туралы бүгін Астанадағы №197-ші сайлау учаскесінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясы тобының үйлестірушісі Александр Торшин айтты.

«Атап айтқанда, әр сайлау сайын заңнама жетілдіріле түседі. Сондықтан Қазақстанда бұл тұрғыдағы мәселелердің барлығы ескерілген»,-деді ол.

Осы орайда А. Торшин сайлау қарсаңында Қазақстандағы БАҚ-тың сайлау үдерісінен ақпарат алудағы қолжетімдігі, президенттікке үміткерлерге насихаттық бағытта тең түрде жағдай жасау, ел азаматтарының құқы секілді мәселелерді тыңғылықты зерделеп шыққандықтарын айтып өтті.

«Мәселен, президенттік сайлауға қатысуға ниет білдірген 4 адам қазақ тілі сынағынан өте алмады. Бұл заңнама талаптары. 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын мемлекетті басқаруға бел буған азамат міндетті түрде жергілікті халықтың, яғни қазақтардың туған тілін білуі қажет»,- деді ол.

«Сондықтан да Қазақстанның сайлау үдерісінде заңнамалық тұрғыда ешқандай да кемшіліктерді байқап отырған жоқпыз. Бұл мемлекетте азаматтардың тең құқы қамтамасыз етілген»,-деп түйіндеді үйлестіруші.

Соңғы жаңалықтар