Қазақстанның сауда флоты биыл 1,8 млн тонна жүк тасымалдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның сауда флоты биыл 1,8 млн. тонна жүк тасымалдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде болды.

Жүк автокөлік құралдарын ауыстырып тиеуде біршама өсім бар.

Отандық сауда флоты осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,8 млн. тоннадан астам жүк, оның ішінде Ақтау – Баку фидерлік желісімен 10,6 мың контейнер тасымалдады.

«Ішкі су жолдары бойынша биылғы 10 айда жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,44 млн. тоннаны құрады. Оның 233 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар