Қазақстанның Сауд Арабиясына ет экспортын молайтуға мүмкіндігі артады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары аясында отандық ет экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24-25 шілде күндері екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Сиыр еті мен қой еті импортына қойылатын санитариялық және техникалық талаптар хаттамасына қол қойылды. Келісімге Сауд Арабиясының азық-түлік секторы жөніндегі вице-президенті Мұхаммед әл-Насар мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев қол қойды», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің таратқан ақпаратында.

Бұл құжат қазақстандық қой және сиыр етін өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік бермек.


Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі


Соңғы жаңалықтар