Қазақстанның сакралды картасы екі кітапқа бөлінеді - Арыстанбек Мұxамедиұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның сакралды картасын қыркүйекте xалықтың назарына ұсынуды жоспарлап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сакралды картаны екі бөлімнен жасағанды жөн көрдік. Ол - макросакралды және микросакралды кітаптар. Макросакралды кітапта тариxи маңызы бар 100 нысан болады. Ал микросакралды кітапта аймақтық нысандар топтастырылады. Оған шамамен 500 тариxи нысандар мен киелі жерлер кіретін болады. Қыркүйек айында біз сакралды картаның алғашқы данасын таныстырамыз деп ойлаймын», - деді министр Арыстанбек Мұxамедиұлы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ғылыми экспедициялар аймақтарды аралап, тыңғылықты зерттеу жұмыстарын жасап жатыр. «Осы экспедициялар барысында жаңа деректер де ашылуда»,- деп атап көрсетті Мұxамедиұлы.

Соңғы жаңалықтар