Қазақстанның садақшылары әлем кубогын жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шанхай қаласында садақ ату спортынан әлем кубогының бірінші кезеңі өтуде. 16-21 мамыр аралығында өтетін бәсекеге әлемнің ең үздік мергендері жиналған.

Құрамында Санжар Мұсаев, Денис Ганкин және Ойбек Саидиев бар Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды dodasport.kz .

Ең алғашқы бәсеке АҚШ құрамасымен өтті. Қазақстандық команда 3:5 есебімен басым түсті. Ресейліктер мен жапондықтар 4:5 есебімен біздің жігіттерге есе жіберді. Финалда тартысты өткен бәсекеде қазақстандықтар олимпиада чемпиондары Оңтүстік Корея спортшыларын 11:12 есебімен ұтып, алғашқы рет әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар