Қазақстанның Ресейден және басқалардан тәуелсіз вакцина өндірісі бар – Денис Логунов

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан өз аумағында «Спутник V» вакцинасының өндірісін оқшаулап, дұрыс стратегиялық шешім қабылдады. Бұл туралы Н.Ф. Гамалея атындағы ЭМҰЗО директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Денис Логунов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Ресейдегі меншікті тілшісі.

Ғалымның айтуынша, қазақстандық және ресейлік вакциналардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ.

«Қазақстан өзіндегі вакцина өндірісін оқшаулап, дұрыс стратегиялық шешім қабылдады. Технология Ресей Федерациясында, Гамалея орталығында бастау алғанымен, Қазақстанның Ресейден де, басқалардан да тәуелсіз өзіндік вакцина өндірісі бар», – деді Д. Голунов.

Сондай-ақ ол вакцина өндірісінің сапасына жеткілікті бақылау жүргізілетінін атап өтті. «Мысалы, Ресейде бақылау алдымен өндірістік алаңда жүзеге асырылады, содан кейін Гамалея орталығының авторлық бақылауы, содан кейін сапаны мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады. Осылайша үш кезеңдік сапа бақылауы өтеді. Осыдан кейін ғана вакцинаны қолдануға таратуға болады. Қазақстанда да осы қағидат бойынша іске асырылады деген ойдамын», – деді ғалым.

Д. Логунов бүгінгі таңда «Спутник V» вакцинасын өндіруге өтінімдер Беларусь, Үндістан, Қытай, Корея және басқа да бірқатар елдерден келіп түскенін айтты. Қазірдің өзінде 16 мемлекет оны шұғыл қолдануға арналған дәрі ретінде тіркеді. Бұл елдердің бір бөлігі де осы вакцинаны өз аумағында шығаруға ниетті.

«Технологиялық тұрғыда вакцина өндірісін басқа елге ауыстыру биореакторларды орнату мен іске қосуды, технологиялар трансфері мен шығын материалдарының болуын білдіреді, – деді Д. Логунов.

«Жабдықтар жиынтығын, шығын материалдарын және технологияны қолдана отырып, вакцинаны кез келген жерде жасауға болады. Әрине, тиісті деңгейдегі мамандардың да болуы маңызды. Ал Қазақстанда мұның бәрі бар», - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, Д. Логунов «Спутник V» вакцинасын тасымалдау үшін және ұзақ уақыт сақтау үшін қандай да бір ерекше жағдай жасауды талап етпейтінін атап өтті.

«Вакцинаны – 20 градус температурада сегіз айға дейін сақтауға болатындығы дәлелденді. Бір ай ішінде +2, +8 температурада сақтауға болады. Бұл елдің ең қиыр жерлеріне дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді ол.

«Спутник V» вакцинасының тиімділігі туралы айтар болсақ, ғалым инфекцияның алдын алу бойынша 91,6 пайыз жоғары көрсеткішті көрсеткенін, сондай-ақ ауырған адамдар тек КВИ-дің жеңіл түріне ұшырағанын алғанын айтты.

«Бұл жағдайда біз әлемдік көшбасшы елдермен бірдей болып отырмыз. Иммундау принципі вирустық инфекцияға қарсы нуклеин қышқылының түрлі жолмен дайындалып қолданылуында жатыр. Сондықтан ол табиғи иммундық реакцияға өте ұқсас келеді. Ең маңызды артықшылығы – вакцина иммунитеттің гуморальды байланысын ғана емес, сонымен қатар жасушалық байланысты да тудырады. Бұл екі компоненттің әрекет ететінін білдіреді. Олардың біреуі – антиденелік, екіншісі –Т-жасушалары жасушаның вирусты жұқтырғанын немесе жұқпағанын анықтайтын жасушалық. Айта кету керек, әлемдік нарықтағы барлық көшбасшы вакциналар- теңдестірілген иммунитетті және гуморальды және жасушалық иммунитетті тудыруа алады», – деді Орталық директорының орынбасары.

Балаларға арналған вакцинаны қолдану мәселесін қозғай отырып, Д. Логунов халықаралық реттеушіге сәйкес зерттеу бірнеше кезеңнен өтетінін және педиатриялық хаттамаларға сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті.

Вакцинаның жанама әсерлеріне келсек, ғалым дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, инъекция орнындағы ауырсыну және кейде 2-3 күнде кететін бас ауруы болатынын атап өтті.

«Егде жастағы адамдарда тұмауға ұқсас әсердің мұндай көріністері бірнеше есе аз, бұл иммундық жүйенің белсенділігімен байланысты», – деді ол.

Д. Логунов вакциналарда тірі вирус жоқ екендігіні жеткізді. Ағзаға тек бір S-ақуыз гені жеткізіледі. Вакцинада вирустық полимераздар мен эффекторлы ақуыздар жоқ, сондықтан вакциналаудан кейін вирустық инфекция пайда болмайды және адам кез келген инфекцияны жұқтыру тұрғысынан қауіпті емес.

Ол сондай-ақ коронавирус инфекциясымен ауырып кеткен адамдарға вакцинаны қолдануда қарсы көрсетілімдер жоқ екенін атап өтті. Сондықтан бұл адамның өз шешімі екендігін және жоғары иммундық қажеттілігіне байланысты екендігін айтты.

«Вакциналау антиденелерді аурусыз және еш уланусыз еркін алуға мүмкіндік береді», – деді ол. Сондай-ақ вакцинаны алғаннан кейін инфекция жұқтырған кездегідей иммундық функцияларды оқшаулау және бөлшектеу болмайтынын атап өтті.

Вакцинаның құрамында нақты аллергендер жоқ екендігі де айтылды, бірақ аллергиялық реакциясы бар адамдар алдымен дәрігермен кеңесу керек болады.

«Үшінші кезеңде бірінші компонентті 33,5 мың адам, екіншіде 32 мыңға жуық адам алды. Алайда зерттеуге қабылдау аяқталды, өйткені одан әрі жаппай вакциналау жарияланды және плацебо тобының кеңеюі этикаға жатпайды. Әрі қарай, иммунитеттің ұзақтығы, оның қаншалықты зарарсыздандыратыны және бақылау кезеңінің соңында, алты айдан бір жылға дейін қандай эпидемиологиялық тиімділік болатындығы бақыланады», – деді ол.

Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру басталды. Қазақстаннан шығарылған 6 мың доза «Спутник V» вакцинасы Ресейге тексеруге жіберілді. Ресейлік «Спутник V» вакцинасы коронавирустан 92%-ға жуық қорғайды. Сынақтың соңғы сатысындағы нәтиже The Lancet журналында жарияланды.

Сонымен қатар қазақстандық Qaz Covid-in вакцинасы жасалып, сынақтан өтуде. Qaz Covid-in екпесінің «Спутник V» вакцинасынан айырмашылығы туралы ақпаратты мына жерден оқуға болады.





Соңғы жаңалықтар