Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Сладкое көліне қатысты жағдайды түсіндірді

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясы Новосибирск облысындағы Сладкое өзеніне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы 2017 жылдың 8 маусымында Павлодар мен Новосибирск облыстары арасына шекара белгілерін орнату жұмыстарын бастады. Сладкое көліндегі шекара бөлігіне қатысты комиссия делимитациялық картада мемлекеттік шекара сызығын бөлетін су қоймасы 70:30 арақатынасымен Қазақстанға тиесілі екендігін анықтады.

«Қазіргі уақытта аталған шекара бөлігінде ешқандай реттеу және айырбас жасалған жоқ және орналастырылған шекара белгілері комиссия бекіткен делимитация материалдары және жобалық бағыт материалдарына толықтай сәйкес келеді» - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар