Қазақстанның прокуратура органдарында 1071 әйел қызмет атқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның прокуратура органдарында 1071 әйел қызмет атқарады. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында осындай мәлімет айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында Бас прокуратура өкілі Мұрат Тілеубердиев құқық қорғау саласында қызмет етіп отырған қыз-келіншектер жағдайы мен олардың басшылық қызметке тағайындалу мүмкіндігі туралы мәлімет берді.

«Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бастап қызметте де, күнделікті тұрмыста да әйелдерді қолдауға бағытталған гендерлік саясат жүргізілуде. Прокуратура органдарының кадрлық саясаты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтік міндеттерді тиімді атқаруға, қабілетті жоғары білікті және кәсіби дайындалған мамандар корпусын қалыстапстыруға бағытталған. Өздеріңіз білесіздер, 2020 жылдан бастап құқық қорғау қызметіне қабылдау прокуратура органдарының академиясы арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде академияда 178 ұл, 72 қыз бала оқып жатыр. Кадр саясатын іске асыру кезінде прокуратура органдары «ҚР 2030 жылға дейінгі гендерлік және отбасылық саясат жөніндегі тұжырымдамасының» басым бағыттарын ескере отырып, қызмет өткеру кезінде гендерлік теңдікті сақтау үшін жұмысты дәйекті және мақсатты түрде жүзеге асырады», - деді ол.

Айтуынша, прокуратура органдарының қызметкерлерін жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсыну кезінде гендерлік теңгерімді сақтау бойынша мониторинг жүргізіліп келеді.

«Прокуратура органдарында 1071 әйел қызмет атқарады. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 22 пайызы. Әйелдердің жалпы санының 7 пайызы басшылық қызметте. Сыныптық шендер бөлінісінде 246 әйелде бірінші сыныпты заңгер, 365 әйелде кіші әділет кеңесшісі, 207 әділет кеңесшісі және әділет кеңесшісі және 37 аға әділет кеңесшісі, 236 үшінші және екінші сыныпты заңгер шеніне ие.

Әйелдер прокурорлық қызметтің әр бағытында жұмыс істейді. Арнайы прокурорлар, тергеуді және жедел іздестіру қызметін қадағалау, жазалардың орындалуы, қоғамдық мүдделерді қорғау, норма шығармашылық, халықаралық ынтымақтастық бағыттарында еңбек етуде.

Негізінен әйел прокурорлардың күш-жігерімен цифрландыру саласындағы озық та лайықты саналатын нақты құқықтық статистика мен арнайы есепке алу ісі жолға қойылды», - деді Бас Прокуратура өкілі.


Соңғы жаңалықтар