+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстанның Паралимпиада құрама командасы Токиоға аттанды

2021 жылғы 20 тамыз 10:22
Бөлісіңіз:
Қазақстанның Паралимпиада құрама командасы Токиоға аттанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 20 тамызда ҚР Ұлттық Паралимпиада құрама командасы Токио қаласына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» беларусьтік «ВитЭн» клубымен кездеседі Данияр Елеусіновтің әлем чемпионы титулы үшін айқасатын жаңа қарсыласы белгілі болды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада Комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, XVI жазғы Паралимпиада ойындары 24 тамыз – 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан тарапынан: Сиязбек Далиев, Нұрәли Советқанов, Зульфия Габидулина, Роман Агалаков, Алия Рахымбекова, Нұрдаулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев (пара жүзу), Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы (пара жеңіл атлетика), Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (пара дзюдо), Спатай Бибарыс (пара каноэ), Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмиля Досмалова (пара таеквондо), Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина (пара пауэрлифтинг) және Айсұлу Жұмабаева (пара нысана ату) қатысады.

Оған қоса, Халықаралық Паралимпиада комитетінің (ХПК) шешімімен қазақстандық парадзюдошы Ерлан Өтеповке (100 кг) Паралимпиада ойындарына қосымша жолдама берілді. Ерлан Өтепов - парадзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы 2019.

«Токио - 2020 Паралимпиада ойындарына 7 спорт түрінен 26 спортшымыз қатысады. Токио алдында атлеттер екі апталық карантинде болып, соңғы жаттығу жиындарын Алматы мен Алматы облысында өткізді. Ойын қарсаңындағы соңғы күндерді спортшылар оқшаулану режимінде өткізіп, сыртқы әлеммен байланысқа түскен жоқ. Осы режимді сақтап Токио ойындарына қауіпсіз жетуге үлкен көмек көрсеткен Эйр Астана компаниясына үлкен ризашылығымызды білдіреміз», дейді Ұлттық Паралимпиада Комитетінің бас хатшысы Ерлан Сулейменов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT