Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметінен уақытша шеттетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, жуырда Өзбекстандағы Қазақстан елшісі қаражат жымқырды деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім еткен еді.

Ерік Мылтықбайұлы бұл қызметке 2016 жылы 29 наурызда тағайындалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар